ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Шу ауданында 2978 азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды

Шу ауданында 2978 азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды

Шу ауданында кедейшілік деңгейі 0,2 %, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды көрсетті. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 18525 теңгені құрады.

Биылғы жылдың 10 айында 3028 адам жұмыс іздеп өтініш білдіріп, тіркеуге алынды. Әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны  2978 адам, жалпы жұмыспен қамтылғандар 2394 адам, оның ішінде 2050 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар практикасымен 245 азамат және әлеуметтік жұмыс орындарына 99 азамат жұмыспен қамтылды, қоғамдық жұмысқа   381 адам тартылды.
Жыл басынан 449  адам жұмыссыз (қоғамдық жұмыс 254 адам, 10 адам жергілікті бюджет есебінен оқуын аяқтаған, 138 адам  ЛРЗ зауытынан қысқарған зейнетақы төлеу орталығынан жәрдемақы алуда,  47  жұмыссыз). Жұмыссыздық  деңгейі  4,6%-ды (жұмыссыздар саны-2258)  құрайды.

Пікір: 0
Пікір қосу