ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында мия тамырын өңдейтін теңдессіз зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында мия тамырын өңдейтін теңдессіз зауыт іске қосылды

Бүгін Жамбыл облысы Шу ауданында мия тамырын өңдейтін теңдессіз зауыт іске қосылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке мен аудан әкімі Рүстем Дәулет қатысты,-деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі. 

Зауыт мия тамырын өңдеп, одан глицирин қышқылын шығармақ. Ол көзге, бүйрекке және тағы басқаларға арналған дәрі-дәрмек өндірісінде пайдаланылмақ. Дайын өнім Жапонияға экспортталмақ. Үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан жобаның жалпы құны-900 млн. теңге.
Нысан құрылысы 2014 жылы басталып, Жапония елімен бірлесіп салынған. Бүгінде зауыт алаңының абаттандыру алаңының жұмыстары аяқталып, мамандар құрылғыларды іске қосуға дайындық жүргізуде. 
Жоба толығымен іске асқан кезде мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ол үшін 20 орындық жатақхана дайындалған. Ал еңбекке ауданның жергілікті тұрғындары тартылмақ. 
Бүгінде зауыт қоймасында 100 тонна мия тамыры жиналып тұр. Нысан шикізатты өзіне бөлінген 5 гектар жер телімінен және жеке шаруа қожалықтарынан қабылдамақ.
"Kaz mia" ЖШС жылына 2500 мың тонна мия тамырын өңдеп, 25 тонна глицирин қышқылын шығаруды жоспарлауда.
 
Автор: Шынар Қайратқызы
Дереккөз: «ZhambylNews» АА
Фото: «ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу