ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласында ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды

Тараз қаласында ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды

Тараз қаласында Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды, - деп хабарлайды "ZhambylNews" ақпарат агенттігі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Салтанатты жиынға облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев, шығармашылық тұлғалар, ардагерлер мен жастар жиналды. Аталған шара барысында облыс басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, көпшілікті алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
- Бұл – тәуелсіздіктің нышаны, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасатын нышан. Монументтің жоғарғы жағында «Қазақстан-2050» Стратегиясының белгісі қойылған. Тәуелсіздік – біздің жақсы өміріміздің негізі. Ұлт басшысының басшылығымен біздің ел әлеуметтік-экономикалық және саяси қиындықтарды жеңе білді, және 50дамыған елдің қатарына енді,  - деп атап өтті облыс басшысы.
Жаңадан ашылып, Тараз қаласына ерекше көрік беріп тұрған бұл монументтің биіктігі 14 метрді құрайды, сондай-ақ ол арнайы сәулет  мамандарының  шеберлігінің нәтижесінде ерекше көрікті өрнектермен бейнеленген.
 
Дереккөз: "ZhambylNews" ақпарат агенттігі
Пікір: 0
Пікір қосу