ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында кеңсе мамандарына керекті кеңес тақырыбында семинар өткізілді

Жамбыл облысында кеңсе мамандарына керекті кеңес тақырыбында семинар өткізілді

Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарының кеңсе мамандарына арналған іс жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Шараға ішкі істер органдарының іс жүргізумен айналысатын қызметкерлері,  кеңсе мамандары, 2-ші арнайы бөлім аға инспекторлары және жетекші мамандар қатысты. Бұл туралы Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
Семинар-кеңестің мақсаты қызметкерлердің біліктілігін арттыру, нормативтік актілерді түсіндіру,  жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуде, азаматтарды қабылдауда, басшылықпен бекітілген нормативтік-тәртіптік құжаттарды тіркеуде қосымша көмек көрсету, Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі бағдарламасын дұрыс қолдану, номенклатуралық істерді жүргізуде, құпия құжаттарды тексеруде сауаттылығын ашу болып табылады.
Шара іс жүргізудегі  негізгі алты мәселе бойынша өткізілді. Бірінші кезекте номенклатуралық істердің тігу тәртібі қаралса, одан кейін құпия құжаттарды жүргізу, құпия істерді қадағалаудағы артықшылықтар туралы маңызды мәліметтер ортаға салынды.
Жамбыл облысы ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әсел Жұмағалиқызы өз сөзінде: - Іс жүргізуші мамандардың жұмысын жеделдету мақсатында 2010 жылдың желтоқсанынан Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі бағдарламасы облыстық Ішкі істер департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде, ал 2014 жылдың қаңтарынан барлық аппаратта, 2015 жылдың қаңтарынан қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінде қолданысқа енгізілді.  Қазіргі кезде ішкі істер органдарындағы негізгі тапсырманың бірі - азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ете отырып,  өтініштер мен арыз-шағымдардың уақтылы қанағаттандырылуы болып отыр. Бұл тұрғыда кеңсе мамандарына бірқатар ескертулер мен кеңестер берілетін болады,- дей келіп, семинарға қатысушыларға бүгінгі жиынның маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында іс жүргізудегі ортаға салынған ақпараттарды меңгерудегі мамандардың білімдерін тексеру үшін арнайы тестілеу жүргізіліп, сауаттылықтары сынға түсті.
 
 


Пікір: 0
Пікір қосу