ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысы ІІД-і үміткерлерге іріктеу жүргізуде

Жамбыл облысы ІІД-і үміткерлерге іріктеу жүргізуде

Жамбыл облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына: ҚР ІІМ Алматы академиясына, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына үміткерлерге іріктеу жүргізеді, - деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
ІІМ Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларына орта немесе арнайы орта білімдері бар 25 жасқа дейінгі және оқуға түсу жылында 31 желтоқсанғы жағдай бойынша 16 жасқа толған үміткерлер қабылданады.
ІІМ Ақтөбе заң институтына жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша. «Заңгер» мамандығынан басқа жоғары білімі бар, оқуға түсу жылында 1 қыркүйекке дейін 25 жасқа толмаған үміткерлер қабылданады.
Барлық үміткерлерге қойылатын талап: ішкі істер органдарының қыметкерлеріне қойылатын талаптарға сай, дені сау, іскерлік, жеке және моральдық сапасының болуы.
Анықтамаларды мына мекен-жайдан алуға болады:
Тұрғылықты мекен-жай бойынша ішкі істер бөлімдерінде немесе Жамбыл облысы ІІД (Тараз қ. Желтоқсан көшесі, 80) 22 каб. тел. 99-71-79.

Пікір: 0
Пікір қосу