ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жуалы ауданына Мұхтар Ерман іс-сапармен барды

Жуалы ауданына Мұхтар Ерман іс-сапармен барды

Ауданда жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман жүріп өтті. Бұл туралы Жуалы ауданы ішкі саясат басқарманың баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол аудандағы жұмыс сапарын 91678 әскери бөлімнен бастады. Әскери бөлімнің жұмысымен бөлім командирі, майор Марат Бралинов таныстырды. Онда халық қалаулысы офицерлермен және сарбаздармен кездесіп, Отан қорғаушылардың рухын бір көтеріп тастады. Соңынан гарнизон кітапханасына Елбасының «Жылдар мен ойлар» атты кітабын сарбаздар оқысын деген ізгі ниетпен бөлім командиріне тапсырды.  Сарбаздар атынан бөлім командирі, майор Марат Бралинов рахмет айтты.
Осыдан кейін Мәжіліс депутаты Нұрлыкент ауылындағы  «Гамбург» ЖШС-і мен «Бурный соллар-1» күн электр стансасында, Б.Момышұлы ауылына кіре берістегі Жуалы ауданының Құрметті азаматтар аллеясы мен «Бурный сүт компаниясы» ЖШС-інде болды. Депутатты қатты қызықтырғаны «Бурный сүт компаниясының» жұмысы. Өндіріп отырған өнімі. 
Бұл компанияда бүгінгі таңда 78 адам еңбек етеді. Зауыт күніне 50 тонна сүт қабылдауға қауқарлы. Бүгінде 12 тонна сүт қабылдап отыр. 28 шаруа қожалық, 30 жеке кәсіпкер сүтін осында өткізеді. Сүттің бір литрі майлылығына қарай 110 теңгеден қабылдануда.  Биыл зауыт 340 тонна сыр дайындап, сатуға шығарған. Ал күніне 25 тонна ультрапастерленген сүт өнімі шығарылады. Осы және басқа да жетістіктері туралы зауыт директоры Әбдібек Пошқаев таныстырған болатын.
Парламент Мәжілісі депутаты Мұхтар Ерманмен бірге жүрген  аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов  ауданның брендімен таныстырып, жетістігі мен алға қойып отырған мақсаттарын  таныстырды.

Пікір: 0
Пікір қосу