ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараздағы өртенген сауда үйінің шығыны 100 млн-ға жуық теңгені құрады

Тараздағы өртенген сауда үйінің шығыны 100 млн-ға жуық теңгені құрады

Өрт салдарынан сауда орталығында орналасқан жалпы көлемі 450 ш.м. 18 бутикке залал келген, нәтижесінде сауда орталығының қожайынына 40 000 000 теңгеге, ал бутиктерді жалға алушыларға 57 890 000 теңгеге залал келтірілген. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ZhambylnNews" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен ауруханаға қайырылғандар жоқ.
Сонымен қатар, тергеп-тексеру барысында белгісіз екі тұлғамен сауда орталығына қасақана өрт қойғандығы анықталып, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 202 бабының 3 бөлігіне қайта дәрежеленген.
Қазіргі таңда, оқиғаның криминальдық сипатын және қоғамдық наразылық тудырғанын ескере  тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысы облыс прокуратурасымен бақылауға алынды.
 
Дереккөз: "ZhambylNews" ақпарат агенттігі.

Пікір: 0
Пікір қосу