ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында 8654 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелді

Жамбыл облысында 8654 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелді

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары Дайрабаев Дәурен Жигулиұлы хабарлады.
Спикердің ақпараты бойынша,  мемлекеттің экономикалық климатының жақсарту және көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында 2014 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға
олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, аталған Заң 2014 жылдың 01 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
Аталған Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 01 қыркүйегінен бастап  2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
Аталған Заңды жүзеге асыру мақсатында облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға  комиссиялар құрылған.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы бойынша мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиялармен 9945 арыз қабылданып, мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияларменқол қойылған шешімдерінің саны  9280 құрайды.
 Мүлікті жария ету акциясының аясында қалалық/аудандық Әділет басқармаларымен 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 30 қарашасына дейін 8654 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелді ( 2014 жылы - 447,  2015 жылы - 3941,  2016 жылы - 4266).
Оның ішінде, 7476тұрғын нысандар, 857 тұрғын емес, 321 коммерциялық нысандар, - деп айтты брифинг барысында Дәурен Жигулиұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу