ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » 10980 жамбылдықтарға тегін заң көмегі көрсетілді

10980 жамбылдықтарға тегін заң көмегі көрсетілді

2016 жылы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466 бабына 6 әкімшілік іс қозғалып, 148470 теңгеге айыппұл салынып толығымен өндірілген. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары Дайрабаев Дәурен Жигулиұлы сөз етті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіркеу «электрондық үкіметтің» веб-порталында бір сағаттың ішінде автоматты түрде жүгізіледі, оның дәлелі заңды тұлғаны тіркеу туралы электрондық анықтама болып табылады.
Тіркеу кезінде ұсынылатын тізбеден жарғы; заңды тұлғаның тұрған жері туралы құжат; құрылтайшы заңды тұлғаның салықтық берешегі жоқ екендігі туралы анықтама алып тасталды.
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік жойылып, оны электрондық анықтама ауыстыратын болды, мүдделі субъект оған «электрондық үкіметтің» веб-порталында қол жеткізе алады.
Азаматтық заңнамаға енгізілген өзгерістер коммерциялық ұйым құруды оңайлатудың елеулі шартына айналды.
Осыған байланысты, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариус міндетті түрде куәландырған барлық мәмілелер әділет органдарына электрондық нысанда жіберіледі.
Сонымен қатар, осы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесінен техникалық паспорт алып тасталды.
Әкімшілік кедергілерді болғызбау мақсатында «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңның 21-бабында көзделген «өзге де құжаттарды» ұсыну жөніндегі талаптар да тізбеден алып тасталды, - деді спикер.
Жамбыл облыстық 1 аумақтық адвокаттар алқасы жұмыс атқаруда, заң консультациясы -10, адвокат кеңселері - 7. Адвокаттар саны 186.
Конституция әркімнің білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік береді.
 «Заң көмегін көрсету» 005 бюджеттік бағдарламаның 2016 жылға қаржыландыру жоспары бойынша бөлінді 85 832 000 тенге. Олардың ішінде қамтылды - 85 832 000.
Заңда көрсетілген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген адамдар саны  10980.
Департамент пен нотариустардың халыққа көрсетілетін құқықтық көмектің сапасына ерекше көңіл бөлінеді.
Нотариустардың жалпы саны - 169, нотариустармен жасалынған нотариалдық іс-әрекеттер саны - 467768.
Барлық аудандар нотариустармен қамтамасыз етілген.
Барлық облыс нотариустары «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі» бойынша жұмыс атқаруда.
Сот актілерін орындауда Департаментің бірден-бір басымды бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық мемлекеттік органдар,  жеке және заңды тұлғалар сот актілерін міндетті түрде орындауға тиіс.
Борышкерлерге ықпал етудің тиімді жүйесінің және пәрменді тұтқаларының ұзақ уақыт жоқ болуынан қоғамда сол шешімдерін орындаудың жазаланбау мүмкіндігі туралы тұрақты көзқарас қалыптасқан, ол осы саладағы істердің жай-күйіне елеулі әсер етеді.
2016 жылдың 12 айында қалалық, аудандық аумақтық бөлімдердің орындауында 72 485 258 684 (72,4 млрд.) теңгені құрайтын 31 795 атқару құжаты болған.
Осы есеп беру кезеңінде 28  098 073 299 (28 млрд.) теңгені құрайтын 21 751    атқару құжаты аяқталған, пайыздық көрсеткіші 68,4% құрап отыр.
Оның ішінде 5 206 929 834 (5,2 млрд.) теңгені құрайтын 7036 атқару өндірісі толық көлемде орындалған, пайыздық көрсеткіші 32,3%.
21 769 381 974 теңгені құрайтын 13 443 атқару құжаты орындаусыз кері қайтарылған.
Қалдықта 44 387 185 384 (44,3 млрд.) теңгені құрайтын 10 044 атқару өндірісі қалып отыр, - деп сөзін түйіндеді департамент орынбасары.


Пікір: 0
Пікір қосу