ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында 47837 жылжымайтын мүлікке тіркеу жүргізілді

Жамбыл облысында 47837 жылжымайтын мүлікке тіркеу жүргізілді

2016 жылдың 12 айында ХҚКО арқылы түскен құжаттар бойынша 47837 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілді, 14360 жылжымайтын мүлікке құқықтар электрондық түрде тіркелінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары Дайрабаев Дәурен Жигулиұлы мәлімдеді.
Дәурен Жигулиұлының ақпаратына сүйенсек, электрондық тіркеу санын жүргізілген мемлекеттік тіркеудің жалпы санымен салыстыратын болсақ пайыздық көрсеткіші 23,3 % құрайды.
Есептік кезеңде бюджетке түскен жалпы алым сомасы 100 671 869,25 тенгені құрайды, оның ішінде жедел тәртіппен жүргізілген тіркеу үшін бюджетке түскен сомасы -17 067 183 теңге.
251 өтініш бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылды және 164 электрондық тіркеуден бас тартылды, 172 өтініш бойынша мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешім шығарылды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды элекронды түрде тіркеуді тоқтата тұру - 28.
1987 ақпараттық қызметі көрсетілді.
Есепті кезеңде заңнамамен белгіленген мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болмаған жоқ.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚбтК-нің 460 бабына сәйкес 2598 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 32 196 780 соммаға айыппұл салынды.
 Оның ішінде айыппұл ретінде жауапкершілікке 2467 жеке тұлға (салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 24 370 290 теңге) және 130 заңды тұлға (салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 5 557 020 теңге) тартылды. 
Оның ішінде айыппұл ретінде жауапкершілікке 2210 жеке тұлға (салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 23 407 420 теңге) және 173заңды тұлға (салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 7 095 560  теңге) тартылған, - деп айтты Әділет департаменті басшысының орынбасары Дәурен Дайрабаев.

Пікір: 0
Пікір қосу