ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Өткен жылы Жамбыл облысы бойынша 19580 қызмет электрондық форматта көрсетілген

Өткен жылы Жамбыл облысы бойынша 19580 қызмет электрондық форматта көрсетілген

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің негізі» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасарлары Дайрабаев Дәурен Жигулиұлы, Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы және Айнақұлов Шыңғыс Жұмабайұлы қатысты. Брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары Дайрабаев Дәурен Жигулиұлы өз баяндамасымен толық таныстырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да толықтай жауап қайтарды.
Спикердің сөзіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының 2014 жылдың 7 қазандағы №1032 бұйрығымен бекітілген Жамбыл облысы Әділет департаментінің құрылымын 1 басқарма, 12 бөлім, 11 Әділет басқармалары мен 15 сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдер құрайды.
Департаменттің штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер 140 шын мәніндегі құрамы 131.
 «Жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 қаулысымен әділет органдары көрсететін 53 мемлекеттік қызмет, оның ішінде тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету саласында - 36, зияткерлік меншік құқықтары - 12, сот актілерін орындау - 3, сот-сараптамасы қызметі - 2 қызмет бекітілді. Әділет органдарының алғашқы кезекті міндеттерінің бірі «электрондық үкіметті» дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын, сапасын және жеделдігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында 53 мемлекеттік қызметтің 37-сі электронды түрде ұсынылады.
Департаментпен  есепті кезенде 60 367 қызмет көрсетілді, оның ішінде, қызметтердің жалпы санынан алғанда 19580 қызмет электрондық форматта көрсетілген, бұл 32,4 % құрайды.
Айта кететін жайт, Әділет органдарының мемлекеттік қызметтерінің негізгі бөлігі (заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін тіркеу) баламасыз негізде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердің өз мерзімінде көрсетілуі Департамент басшылығының қатаң бақылауында, - деп айтты Дәурен Жигулиұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу