ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясы 12 мың гектарға енгізілді - К. Көкірекбаев

Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясы 12 мың гектарға енгізілді - К. Көкірекбаев

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы талқыланды. Бұл туралы "ZhambylNews" ақпарат агенттігі хабарлайды.


Елбасының биылғы жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер туралы баяндаған аймақ басшысы құжаттың маңыздылығы мен атқарылып жатқан  жұмыстарға тоқталды. 

"Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімді­лігін арттыру мақсатында техника­лық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақ­тандыру, қазіргі заманғы технологиялар бойынша жұмыс істейтін жаңа ірі өндірістерді салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске қосу сияқты маңызды істер атқарылуда", - деп атап өтті өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.

Озық технологияларды өндіріске енгізіп, суармалы суды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы нөлдік және минималды технологиялар 26 мың гектарға енгізілді, Сонымен қатар, өткен жылы су үнемдеу технологияларының енгізу көлемі 12 мың гектарға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты (2015 жылы 8,1 мың гектар). 2017 жылы бұл көрсеткішті 15,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Үстіміздегі жылы ылғал үнемдеу технологиясын 27 мың гектарға, су үнемдеу технологиясын 15 мың гектарға жеткізілмек.

Пікір: 0
Пікір қосу