ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысындағы 6 мектепке "Робототехника" курсы енгізілді

Жамбыл облысындағы 6 мектепке "Робототехника" курсы енгізілді

Кеше Жамбыл облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы талқыланды. Аталған жиында өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев жамбылдық оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін арттыру мақсатында 6 мектепте «Робототехника» курстары енгізілгенін айтты. Бұл туралы "ZhambylNews" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақта ақпараттық және білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 76 білім мекемесіне электронды оқыту жүйесі енгізіліп, 437 мектеп (96,8%) кең арналы интернет желісіне қосылған.

2017 жылы 449 мектепті  электронды білім беру контентімен қамтамасыз ету үшін 98 млн.теңге бөлінсе, электрондық оқытуды енгізуге арналған техникалық инфрақұрылымды (жергілікті есептеуіш желі, мектептік сервер және компьютерлік парк) әзірлеуге 446 млн.теңге бөлінді.

Аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне алдағы оқу жылында «Робототехника» курсын енгізу үшін кемі 11 мектепке электрондық оқытуды кеңінен енгізу үшін мектептердің техникалық инфрақұрылымын жаңарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын.

 Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, ұлтжандылықты дамыту мақсатында оқу үрдісіне «Мәңгілік ел», «Көшбасшылық мектебі» бағдарламалары енгізілген. 7 ауданда мектеп жанынан «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтары ашылған.

Облыстық білім басқармасына, білім бөлімдеріне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жұмыстарын жандандыруды және Байзақ, Қордай, Талас аудандары мен Тараз қаласының әкімдеріне  «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын, - деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.

Пікір: 0
Пікір қосу