ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Елбасының әрбір Жолдауы – аса ірі тарихи оқиға – К. Көкірекбаев

Елбасының әрбір Жолдауы – аса ірі тарихи оқиға – К. Көкірекбаев

Күні кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған 21-Стратегиялық құжаты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа ұсынған болатын. Осы Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді нақтылау және оны халыққа жеткізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде актив жиыны өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Елбасы Н.Ә. Назарбаев ендігі күн тәртібінде Қазақстанның үшінші жаңғыруы жөніндегі міндеті туралы айтқан болатын. Осыған орай аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысы жұртшылығының әл-ауқатын жақсарту үдерісіндегі нақты іс-шараларға ден қойды.

 «Қазақстанның болашағын жарқын ететін бес бағытта барлық сала қамтылған. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 15 жылдың ішінде 1,5 миллион отбасыны тұрғын үймен қаматамасыз ету жоспары  жас отбасыларға үлкен қуаныш сыйлайды. Енді өз бизнесін ашуға н ниетті азаматтар үкіметтің қолдауымен 16 миллион теңгеге дейін шағын несие алып, отбасылық бизнесті жандандыра алады. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтудың онлаин платформасы қалыптасып, жастарымыз бәсекеге қабілетті болу үшін білім ошақтарында үш тілді оқыту, работотехника бағдарламалары іске асады, - деп атап өтті өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.

 

Дереккөз: «ZhambylNews» ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу