ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстық істерге қатысты семинар кеңес өтті

Жамбыл облысында Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстық істерге қатысты семинар кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық  статистика  және арнайы есеп комитеті басқармасы мен облыстық білім басқармасы бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 10 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде оларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар мен өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстық істердің картасы» тақырыбында ақпараттық жүйені қолдана отырып, облыстық семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер департаментінің, білім беру ұйымдарының  қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық  статистика  және арнайы есеп комитетінің ақпараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі арқылы - электронды карталар «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы картасы» және «Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипатта зорлық  жасағандардың картасы» көрнекі түрде көрсетіліп, кеңінен түсіндірілді. Аталған карталардан облыс бойынша қылмыстық іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандардың оқу орындары, жыныстық сипатта зорлық жасап, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққандар туралы мағлұматтар алуға болады. Сондай-ақ, аталған карталар мүдделі мемлекеттік органдардың талдау қызметіне қылмыс жасаған жасөспірімдерді және қолайсыз, жайсыз отбасыларын оқу орындары арқылы бақылап отыруға, олармен нәтижелі профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. 

            Қазіргі таңда  прокуратура,  ішкі істер департаменті,  білім басқармасы және жергілікті атқарушы органдармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оны жою мақсатында тиімді  іс-шаралар ұйымдастыру қолға алынуда.  Облыстық білім басқармасының бастамасымен  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес «Балаларды бірге қорғаймыз» атты жобаны іске асыруға арналған Жол картасы  аясында  оқушылардың «мектептен-үйлеріне» немесе «үйлерінен-мектепке» дейінгі қауіпсіз маршруттарын қалыптастыру, жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз маршрут» жобасын, өмірде қиын жағдайға душар болған,  жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды әлеуметтік оңалту,  оларға және отбасыларына қажетті әлеуметтік көмекті ұйымдстыру мақсатында «Сәтті отбасы-сәтті балалық шақ» жобасын,  үлкендерге құрмет көрсету, кішіге қамқорлық жасау, адалдыққа баулып, олардың бойында  жауапкершілікті, еңбек сүйгіштікті, қоғамдық тәртіпті  сақтау,сондай-ақ,  мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған «Жастар және дәстүр» жобасын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарында нақты жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Осы мақсатта  ақпараттық сервис мүмкіндіктері  ретінде жоғарыда аталған карталар кеңінен қолданылатын болады. Кез келген адам қажетті ақпаратты алу үшін комитеттің ақпараттық сервис порталына: http://service.pravstat.kz/map.html немесе http: //infopublic.pravstat.kz арқылы кіре алады.

Пікір: 0
Пікір қосу