ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Ағымдағы жылы Жамбыл ауданындағы Пригородное ауылына су құбырын жүргізу басталады

Ағымдағы жылы Жамбыл ауданындағы Пригородное ауылына су құбырын жүргізу басталады

Жамбыл ауданының елді мекендері 40 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, - деп хабарлайды «ZhambylNews»  ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі М. Мұсаев 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдында берген есебінде баяндады.

 "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 752 млн. теңгеге  Жалпақтөбе ауылында сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды және 267 млн.теңгеге Пригородное ауылында жұмыстар басталады.

Сонымен қатар, Шайқорық, Танта, Қапал, Қоңыртөбе, ауылдары және Шайқорық бекеті, Тоғызтарау ауылының ауыз су құрылысының жобалық сметалық құжаттарына түзету жүргізіліп жатса, Бектөбе-Қызылшарық,  Бесағаш-Түрксиб, Қаракемер, және Шоқай ауылдарының ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Пікір: 0
Пікір қосу