ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл ауданында жаңа балабақша ашылады

Жамбыл ауданында жаңа балабақша ашылады

Жамбыл ауданында биыл бір жеке балабақша ашу жоспарлануда. Бұл туралы «ZhambylNews»  ақпарат агенттігі хабарлайды.

  

Білім саласы бойынша мемлекеттік тапсырыспен 280 орынға арналған    1 жеке балабақша мен 50 орынға арналған 2 қосымша топ ашылды. Аудан бойынша 3 341 бала қамтылған 36 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді немесе қамту көрсеткіші            82,4 пайызды құрады. (2015 жылы балаларды қамту 70,8 пайыз болған, 11,6 пайызға өсті).

3 жастан 6 жасқа дейінгі қамтылмай қалған балалардың саны 225.

2017 жылы 125 орынға арналған 2 жекеменшік балабақша ашу нәтижесінде балаларды мектеп жасына дейінгі қамтуды 84 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі М. Мұсаев 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдында берген есебінде атап өтті.

Пікір: 0
Пікір қосу