ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл ауданында 1000 басқа арналған бордақылау алаңы соғылады

Жамбыл ауданында 1000 басқа арналған бордақылау алаңы соғылады

Жамбыл ауданындағы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді 14 кәсіпорын жүзеге асырады. Олардың өндірген өнім көлемі        1,6 млрд. теңгені құрады. Бұл жайында аудан басшысы бүгінгі есепте атап өтті, - деп хабарлайды  «ZhambylNews»  ақпарат агенттігі .

  

2017 жылы 1,7 млрд. теңге көлемінде ауылшаруашылық өнімін өндеу жоспарлануда. «Тимофеев» шаруа қожалығы жаңа сүт өнімдерін өңдейтін қондырғылар алуды көздеуде.

2017 жылы «Супер фарм» серіктестігі 2,0 га, «Орақбай» шаруа қожалығы 1,2 га. жерге заманауи жылыжай құрылысын бастайды. Сонымен қатар, «Жүнісов» шаруа қожалығы 10 га. жерге жүзім алқабын отырғызуды көздеуде. «ИнАгро» шаруа қожалығы  250 басқа арналған ферма, Басбаев Саят есімді азамат 1 000 басқа арналған  мал бордақылау алаңының құрылысын жүргізеді. 

Пікір: 0
Пікір қосу