ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласын қар басып қалды (ФОТО)

Тараз қаласын қар басып қалды (ФОТО)


  Тараз қаласында екі күн бойы толассыз қалың қар жауды. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқтаусыз жауған қардан көлік кептелісі көбейіп, жеңіл көліктердің жүруі қиындаған. Қар жамылғысының биіктігі 17-18 сантиметрге жеткен.
Қалада қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық қызметкерлер тобы түнгі ауысымнан бастап жаяу жүргіншілер жолын тазартуда. Ал үлкен жолдарды тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды.
Қар қалың жауғанымен Тараз қаласында бүгін ауа райы -6° градусты көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері қалада күн жылынады деп күтілуде.

     
 

Пікір: 0
Пікір қосу