ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » 2016 жылы Тараз қаласында 1571 адам жұмыспен қамтылды

2016 жылы Тараз қаласында 1571 адам жұмыспен қамтылды

Бүгін Тараз қаласының әкімі Н.С.Календеров 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша қала тұрғындары алдында есеп берді. Бұл жайында «ZhambylNews» ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020»  бағдарламасы бойынша 2016 жылы қаржыландыру көлемі 1 млрд. 340,3 млн. теңгені құрап, 1571 адам жұмыспен қамтылған.

Бағдарламаның инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бірінші бағыты бойынша 1 млрд. 156,9 млн. теңгеге 540 адам жұмыс орындарымен қамтылды. Оның ішінде қала бюджетіне 2 мектеп пен 2 балабақша ғимараттарына 516,2 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, облыстық бюджет бағдарлама әкімшілері арқылы 1 колледжінің және 13 денсаулық сақтау, 3 спорт, 4 әлеуметтік, 1 мәдениет салаларындағы ғимараттары 640,8 млн. теңгеге ағымды жөндеуден  өтті.

Пікір: 0
Пікір қосу