ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Біздің мақсат – бірде-бір жұмыс орнының қысқартылмауы – Н.Календеров

Біздің мақсат – бірде-бір жұмыс орнының қысқартылмауы – Н.Календеров

Тараз қаласының әкімі Н.С.Календеров 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша қала тұрғындары алдында есеп берген болатын. Есеп барысында қала әкімі алдағы жоспардағы мақсат-міндеттерді атап өтті. Бұл жайында «ZhambylNews» ақпарат агенттігі хабарлайды.


  Қаладағы жергілікті атқарушы органдарының алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі - бірде-бір жұмыс орнының қысқартылмауы, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету және өндіріс барысында жергілікті өнімдерді тұтынуды дамыту және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету.

2016 жылы қазақстандық үлесті қамтамасыз ету мақсатында 583,0 млн. теңгені құрайтын 62 меморандумға, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету бойынша 270 меморандумға қол қойылып, 12415 жұмыс орындары сақталды.

Пікір: 0
Пікір қосу