ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Биыл Тараз қаласында жаңа мектеп пен балабақшаның құрылысы басталады

Биыл Тараз қаласында жаңа мектеп пен балабақшаның құрылысы басталады

Бүгін Тараз қаласының әкімі 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша қала тұрғындары алдында берген есеп берді. Жиын барысында қала әкімі білім саласына ерекше тоқталып өтті, - деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

 2017 жылға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» жаңа бағдарламасы аясында көп уақыттан бері жөндеуді қажет ететін «Қаратау» мөлтек ауданындағы №38 орта мектептің және «Талас» мөлтек ауданындағы бұрынғы колледж ғимаратын 280 орындық балабақшаға қайта жабдықтау үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінгі күні қалада 2 мектеп үш аусымды болып саналады, бұлар «Шөлдала» тұрғын алқабындағы №55 орта мектеп (тапшылық 1116 орын), және Байзақ батыр көшесіндегі №24 гимназия (тапшылық 305 орын).  2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шөлдала» алқабында 900 орындық жаңа мектептің және №24 мектепке 300 оқушыға арналған жапсарлас ғимараттың құрылыстары басталатын болады.

Пікір: 0
Пікір қосу