ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараздағы орталық көшелердің қақ ортасына аққала «тұрғызылды»(ФОТО)

Тараздағы орталық көшелердің қақ ортасына аққала «тұрғызылды»(ФОТО)

Тараз жұртшылығы кешегі жауған қарға тек креативті тұрғыдан қарап, қаланың орталық көшелерінің бірінде «аққала» орнатып кетіпті. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Қала тұрғындары нағыз қыстың символын,  яғни аққаланы жол ортасына орналастырған. Күннің «ерекше оқиғасы», әлбетте, камераға таспаланып алынған. Кока-кола сусынының қақпағы көз орнына, мұрын орнына жүретін сәбізді ағашқа, ал басына шыбықтан шаш жасалған бұл ерекше аққала қала тұрғындарының назарын аударғаны хақ.

Айта кетейік, коммуналдық қызметшілер жергілікті халықтың бұл «көркем туындысын» бағаламай, жол ортасындағы «тұрғызылған аққаланы» бұзып кетіпті.
    

 

Пікір: 0
Пікір қосу