ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысының 38 мекемесінен заң бұзушылық анықталған

Жамбыл облысының 38 мекемесінен заң бұзушылық анықталған

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Меирхан Сатыбалдин және департаменттің бас маманы Марат Сармолдаев БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда аталған департаменттің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы әңгіме болды.

 Департаменті басшысы Меирхан Сатыбалдин алғаш болып өз баяндамсымен таныстырды. Оның мәліметі бойынша, 2016 жылы Кәсіпкерлік Кодексінің күшіне енуіне байланысты,  техникалық реттеу және метрология жүйесіндегі  бақылау жүргізу  жұмыстарына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Жаңа ережеге сай,  Департамент ішінара, жоспардан тыс және басқа да үлгідегі бақылау жүргізеді.

Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу, объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда осы талаптарды ұстану негізінде, бақылау субьектілерінің саны қысқарды.

Жаңа жүйе бойынша, тексеріс орнында бақылау қорытындысымен заңнама талаптарының бұзылғандығы анықталса, ол субьектіге жоғары тәуекел дәрежесі беріледі. Тек осы жағдайда ғана аталған субьектіге қатысты жылына бір рет іріктелген тексеріс жүргізіледі.

Тексерілетін субьектілерге байланысты, бекітілген және келісілген іріктелген тексеріс кестесі Комитеттің сайтында  жарияланады.

Бұл салада, соңғы 6 жыл бойы жүргізілген тексерістерге сараптама жүргізу негізінде, тексеріс субьектілерін іріктеуде айқындылықты қамтамасыз ету үшін, Департамент тарапынан мәліметтер қоры құрылды. Тексеріс кестесі, аталған мәліметтер қоры негізінде құрылады. Оған техникалық реттеу және метрология саласында бұзушылық жасаған субьектілер кіреді. Аталған субьектілер қатарында денсаулық сақтау, оқу орындары,  кәсіпкерлік және тағыда басқа субьектілер жатады, - деп хабарлады департамент басшысы.

Бүгінгі таңға, метрологиялық бақылау бойынша анықталған бұзушылықтардың басым бөлігін денсаулық сақтау мекемелері құрайтынын атап айтқым келеді. Жоғарыда айтып кеткенімдей, тексерістер тек қана алдыңғы тексеріс нәтижесі негізінде тағайындалады. Бұл дегеніміз – қолданған әкімшілік шараларға қарамастан, метрологиялық бақылау саласы бойынша, денсаулық сақтау мекемелерінде теріс көрсеткіштер жылдан-жылға қайталануда.

            Әрине, бұл мәселе бізді алаңдатпай қоймайды!  Себебі - адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың, диагностикалау және  ауруға қарсы алдын-ала  қолданылатын шараларды орындаудың негізігі факторы, ол, осы салада қолданыстағы  медициналық техника мен өлшем құралдары көрсеткіштерінің нақтылығы болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Заң бұзушылық көрсеткіштері бойынша, денсаулық сақтау мекемелерінен кейін тұрғын-үй комуналдық шаруашылық кәсіпорындары келеді. Мұнда да бір мекемелерде, жыл сайын заң бұзушылықтар тіркелуде.

Жалпы департамент тарапынан бақылау бағытындағы атқарылған нақты жұмысқа келетін болсақ, 2016 жылы барлығы 58 тексеріс жүргізілді (оның ішінде іріктеліп алынғаны –  56, басқа мемлекеттік мекемелердің өтініштері бойынша, жоспардан тыс – 2, және құқық қорғау органдарымен біріге жүргізілген – 1).

Барлық жүргізілген 58 тексерістің 38-інде Заң бұзушылық анықталып, 66% пайызды құрады.

Әкімшілік жауапкершілікке 2 жеке және 33 заңды тұлға тартылды. Салынған айыппұлдың саны 9 млн. астам теңгені құрады, - деп мәлімдеді брифингте М.Сатыбалдин.

Пікір: 0
Пікір қосу