ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » «Қазаққымызы» ұлттық өнімінен» ұлттық стандартты әзірлеуге өтініш келіп түсті - РМК «ҚазСтИн» Жамбыл облыстық филиалы

«Қазаққымызы» ұлттық өнімінен» ұлттық стандартты әзірлеуге өтініш келіп түсті - РМК «ҚазСтИн» Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде РМК «ҚазСтИн» Жамбыл облыстық филиалының директоры Асқар Мыңбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында Асқар Құрманұлы өзінің тың жаңалықтарымен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

 Асқар Құрманұлының айтуынша, РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» сәйкестікті бағалау және стандарттау әдістерімен отандық өнім, Қазақстан экономикасының интеграциясы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  «Техникалық реттеу» заңының негізгі әзірлеушісі ретінде институт техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті растау облысында нормативті құқықтық құжаттар мен актілерді өңдеумен айналысатын  ұйымдар мен кәсіпорындарға оқыту курс\семинарлар өткізеді. Өткен жылы облыстың 220 маман оқытылды және Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің Мемлекеттік жүйесінде танылған сертификат алды. Мамандардың техникалық реттеу саласында  бәсекелестікке төтеп беру жөнінде  біліктілікті жоғарылату және даярлау ұйымдар мен кәсіпорындардың  халықаралық  даму деңгейіне өту кезіндегі мәселелерді шешеді.

РМК «КазИнСт» жыл сайын мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес жобаларды әзірлейді, сонымен қатар стандарт  жобаларына сараптама жүргізеді. Басым бағыттары бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар өтінімі негізінде стандарттау жоспары қалыптасады. Өткен  2016 жылы өтінім негізінде ЖШС «Паритет-2004» ұйымы бойынша  «белсенді хлор негізіндегі үш хлорлы немесе екі хлорлы қышқылдар және оның тұздары қамтылған зарарсыздандырғыш құралдары. Жалпы техникалық шарттар» стандарты әзірленді. Қазіргі кезде «КазИнСт» Жамбыл филиалына екі кәсіпорыннан  төрт ұлттық стандарт әзірлеуге өтінім келді. Бұл стандарттар бюджет қаражаты есебінен болғандықтан кәсіпорын қаражатын үнемдеуге үлкен мүмкіндік туғызады.

РМК «КазИнСт» ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңының  2т. 20 б. сәйкес  стандарттау бойынша нормативті құжаттардың актуализациялаудың ресми басылымын» (халықаралық, облыстық, мемлекеттік стандарттар, стандарттау бойынша ережелер мен кеңестері, технико-экономикалық ақпарат классификаторлары) тарату бойынша құзіретті орган екендігін айта кеткен жөн.

Кедендік Одақ және ЕАЭО  техникалық регламенттерінің жобасын талқылау бойынша ақпараттар бұқаралық ақпарат орталықтарымен тұрақты жұмыс жасалынады. Бүгінгі күні ЕАЭО  36 техникалық регламент күшіне енді.

Техникалық регламент, ұлттық стандарт, кәсіпорында өндірілетін өнімге талдау жасау және дөңгелек столдар өткізу, кездесулер, қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кәсіпорындарды аралау , өзгерістер енгізі немесе стандарттарды алып тастау жобасын талқылау.

Аймақтық кәсіпкерлерден түскен ескертулер мен ұсыныстар ары қарай сараптама жүргізу және кәсіпкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, филиалдың қызметкерлері арқылы Орталық «КазИнСт»-ке жолданады.

Жамбыл облысы бойынша РМК «КазИнСт» филиалы және ТРМКД, кәсіпкерлердің облыстық палатасы және қоғамдық бірлестіктердің жұмыс істеуі арқылы ұлттық тағам «Қазақ Қымызы» өндірушілерінің ассоциациясы құрылды. Бүгінгі күні РМК «КазИнСт» Жамбыл облысы филиалына ассоциацияның атынан «Қазаққымызы» ұлттық өнімі» ұлттық стандартын әзірлеуге өтініш келіп түсті, - деп айтты Асқар Мыңбаев.

Пікір: 0
Пікір қосу