ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында полиграфологиялық зерттеуден өткізу тәжірибесі қолданылуда

Жамбыл облысында полиграфологиялық зерттеуден өткізу тәжірибесі қолданылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғани Дәулетбаев журналистермен кездесті. Брифингте Ғани Төреханұлы кадр мәселесіне тоқталып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауап қайтарды.

 Оның берген ақпаратына сүйенсек, Департаментте кадрлік мәселеге аса ерекше назар аударылып отыр. Жұмысқа орналасуға талапкерлердің жеке істері мұқият зерттеледі, арнайы есептермен қолданыстағы базалар бойынша тексеріледі. Сондай ақ, бұрынғы жұмыс орны бойынша талапкерлердің кәсіптік және моральдық сапасы бойынша объектівті ақпарат алу шаралары жүргізіледі.

Кадрлық ауысу кезінде, полиграф – құрылғысын қолдана отырып, полиграфологиялық зерттеуден өткізу тәжірибесі қолданылуда.

Мысалы үшін, ағымдағы жылда кедендік рәсімдеу орталығына ауысуға ниет білдірген Департаменттің салық және кеден блоктарының 24 қызметкерлеріне қатысты полиграфологиялық зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде 4 қызметкерге қатысты ауысуға ұсыныс берілген жоқ.

Бос ваканттық орындарға жеке құрамды жинақтастыру бойынша Департаментпен жұмыстар жүргізу мезгіліне конкурстық процедураларды өткізуге қатысы бар қызметтік тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және конкурстық рәсімдердің айқындылығына бақылауды жүзеге асыру үшін ІҚБ-ның жауапты қызметкері міндетті түрде бекітіледі.

2016 жылдың өткен кезеңіне Экономикалық тергеу қызметіне бос орындарға орналасуға байқау өткізілді. 6 үміткердің 2-уі ғана байқаудың барлық сатыларынан өте алды. Конкурстық рәсімдердің аяқталу қорытындылары бойынша 1 үміткер қызметке тағайындалып, 1 үміткер кадрлық резервке орналастырылды, - деп мәлімдеме жасады брифингте Ғани Төреханұлы.

 

Пікір: 0
Пікір қосу