ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылдық палуандар ҚР чемпионатынан жүлделі оралды

Жамбылдық палуандар ҚР чемпионатынан жүлделі оралды

2017 жылдың 9 – 12 ақпан аралығында Қарағанды қаласында еркін күрестен 1994-1998 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

 Чемпионатқа Республиканың 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан барлығы 237 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 16 спортшы қатысып, нәтижесінде 74кг салмақ дәрежесінде Тілеу Еркебұлан І орын, 70кг салмақ дәрежесінде Амангелдиев Ернар ІІ орын және 65кг салмақ дәрежесінде  Әжіқұл Нұрдаулет  ІІІ орын иеленді.

Облыстың аға жаттықтырушысы – Сарыбаев Әділет.

Пікір: 0
Пікір қосу