ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 480 пәтер пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 480 пәтер пайдалануға беріледі

Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Жамбыл  облыстық филиалының директорының орынбасары Талғат Жақсылықов және бизнесті дамыту бөлімінің 1 санатты маманы Руслан Кұрбанов мәлімдеді.

 Талғат Калдыбекұлының сөзіне сүйенсек, 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап «Арай» алқабында салынып жатқан 240 пәтерлі үш тұрғын үй бойынша дауыс беру (өтініш қабылдау) басталады. Нысандар «ЖАО (жергілікті атқару органдары) арқылы кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатыр.  Бір шаршы метрінің құны – 116 мың теңге.

2017 жылдың 21 наурызына дейін өтініш беріп үлгеру қажет. Мұны www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинет/Интернет-банк» арқылы жасайды. Нысандардың сиптаттамасымен осы жерде толық танысуға болады.

Қазіргі кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Жамбыл облыстық әкімдігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, жайлылығы ІІІ сыныпты, 80 пәтерлі алты тұрғын  үй салынып жатыр. Бұл – ауданы 37 мың шаршы метр болатын 480 пәтер (1,2,3 және 4 бөлмелі). Құрылыс 2017 жылдың мамыр-маусым айларында аяқталады деп күтіліп отыр. 

«ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша шаршы метрлер Банк салымшыларына, сондай-ақ әкімдіктің кезегінде тұрғандарға  (50% / 50% қағидаты бойынша) өткізілмек. Айта кететін жайт, жергілікті атқару органының кезегінде тұрғандар дауыс беруге қатысу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасап, Банк клиенті болуы тиіс. Бұл үшін тұрғын үй алуға әкімдік кезегінде тұрған тұлғаларға комиссиялық алымдарсыз, шотты тегін ашу мүмкіндігі қарастырылған, - деп хабарлады баяндамашы.

Шарттық соманың 30 % көлемі – жинақтың төменгі көлемі жинақталған кезде, дауыс беру қорытындысы бойынша пәтер сатып алушылар пулына кірген Банк салымшыларына алдын ала тұрғын үй заемдарының, сондай-ақ аралық тұрғын үй заемдарының берілуі мүмкін. Сонымен қатар, заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 % болады.

ЖАО желісі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға тілек білдірген әкімдіктің кезегінде тұрғандар және Банк салымшылары келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте төлем қабілеттілігін растау;

Тұрғын үйге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына кіргізілген өзге де отбасы мүшелерінің ҚР аумағында меншік құқығында жеке меншік үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;

Тұрғын үйге өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

Жағдайды пайдалана отырып, қала және облыс   тұрғындарына   Бағдарлама аясында салынып жатқан нысанға дауыс беру  басталғаны туралы және қолжетімді бағамен тұрғын үй алуға мүмкіндік барын хабарлаймыз, - деп сөзін түйіндеген директор орынбасары Талғат Жақсылықов, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарды да назардан тыс қалдырмады.

Пікір: 0
Пікір қосу