ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылдық Елдос Сметов Дюссельдорфтағы Гран-При турниріне қатысады

Жамбылдық Елдос Сметов Дюссельдорфтағы Гран-При турниріне қатысады

Дзюдодан 24-26 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында Гран-При турнирі өтеді, - деп жазады  massaget.kz.

 Халықаралық бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында 17 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те бар. 11-12 ақпан күндері Парижде өткен Гран-При турниріне Қазақстан атынан 5 дзюдошы қатысқан еді. Алайда олар жүлделі орыннан көріне алмаған-ды. Сондай-ақ, ол жарысқа Елдос Сметов қатыспаған болатын. Нәтижесінде IJF рейтингінде бірінші орыннан төртінші орынға төмен сырғыған еді.   Қазақстан құрамасының құрамы: Ерлер: 60 келі: Елдос Сметов, Бауыржан Жауынтаев 66 келі: Азамат Мұқанов, Ғұмар Қырғызбаев 73 келі: Жансай Смағұлов 81 келі: Азиз Қалқаманұлы, Қажымұқан Өтеулиев 90 келі: Даулетхан Жақыпов 100 келі: Айбек Серікбаев +100 келі: Ержан Шынкеев, Еламан Ерғалиев Қыздар: 52 келі: Айкүнім Түйтекова 63 келі: Мариян Урдабаева 70 келі: Ділбəр Өмірəлиева, Жанар Қашқын 78 келі: Альбина Амангелдиева +78 келі: Гүлжан Исанова 


Пікір: 0
Пікір қосу