ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз политехникалық колледжінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Тараз политехникалық колледжінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Тараз политехникалық колледжінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

 Мемлекетіміз егемендігін алғалы бері әлемдік алпауыт мемле­кеттермен иық тірестіре алатындай дәрежеге жетіп, қыруар іс тындырды. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, өзіндік моделін қалыптастырды. Бүгінде қазақстандықтар өзінің ертеңіне, туған елінің болашағына сеніммен қарайды. Биылғы Жолдау әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеткен жетістіктерімізді одан сайын еселей түсуге бағытталған. Қазіргідей жаһандық дағдарысты еңсерудің жолдары қарастырылып жатқан тұста Жолдауда айтылған сан-қырлы ұсыныстар ерекше маңызды. Себебі бұл құжат жалпы экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау береді.

Осы орайда «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Тараз политехникалық колледжінде биылға Жолдаудың басым бағыттары талқыланып, жастардың ұсыныстары тыңдалды. Аталған оқу орнының студенттерімен өткен жиынға колледж директоры Зухраб Төлегенов, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Талас Ақылбекұлы мен белсенді жастар қатысты. Басқосуды жүргізіп отырған партия Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бақкелді Далабаев жиынның мән-маңыздылығына тоқталып өтті.

Мұнан соң сөз тізгіндеген Зухраб Төлегенов Елбасы Жолдауда атап көрсеткен Төртінші өнеркәсіптік революция цифрлық экономиканы құруға негізделіп отырғандығын жеткізді. Мұның қазақстандықтар, оның ішінде жастар үшін тарихи ілгерілеулер мен жаңа мүмкіндіктер екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ ТарМПИ аға оқытушысы Талас Ақылбекұлы осыған дейінгі уақытта жолданған 21 Жолдаудың барлығында жастар ешқашан назардан тыс қалмай келе жатқандығын алға тартып, алғашқы Жолдау 1997 жылы жарияланып, ондағы мақсат еліміздің дамыған 50 кіру межесі болғандығын жеткізді.

Пікір: 0
Пікір қосу