ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылдағы зауыт балық чипстері мен котлеттерін экспортқа шығаруда

Жамбылдағы зауыт балық чипстері мен котлеттерін экспортқа шығаруда

Жамбыл облысында орналасқан «Мыңарал балық зауыты»   балық чипстері мен котлеттерін экспортқа шығаруда. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ZhambylNews" ақпарат агенттігі хабарлайды.             

 2014 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына 1.5 мың тонна балық өндіруге қауқарлы. Құны 600 миллион теңгені құрайтын  іргелі кәсіпорында бүгінгі күні жетпіске тарта адам тынбай еңбек етуде. Олардың басым көпшілігі жергілікті жердің тұрғындары.  Былтыр кәсіпорын  615,7 тонна балық өнімдерін өндірсе,  2017 жылдың екі айында он алты миллион теңгенің өнімін  өндіріпті.

 

Дереккөз: "ZhambylNews" ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу