ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл ауданындағы зауыт гипс өнімдерін экспорттауда(ФОТО)

Жамбыл ауданындағы зауыт гипс өнімдерін экспорттауда(ФОТО)

Жуырда Жамбыл ауданында баспасөз туры өтті. Оған облыстың бірқатар БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігі  хабарлайды.

 Облысымыздың әлеуметтік және экономикалық бағыттарын дамытуға және оны халыққа көрсету мақсатында жыл сайын БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырылатын баспасөз туры биыл облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданынан басталды.

Журналистердің алғашқы тоқтаған нысаны «ALTYN ALMA»  ауылдық кооперативі болды. Жалпы көлемі 60 га-ға созылып жатқан бұл алқапта «Бреборн», «Голден Делишес», «Элстар» және «Гала» сұрыпты алмалар өсірілуде. Құны 471, 6 млн.теңгені құрайтын аталған жоба 2015 жылы жүзеге асырылған. Қазір жоба  аясында 30-40  жұмыс орындары ашылып, интенсивті алма бағы жұмысын жандандыруда.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы шаруашылық саласын дамытуға үлесін қосып отырған жеке кәсіпкер «Құлсерік» бүгінде 32 бас ірі қара малды бордақылап, семіртуде. Мемлекет есебінен 6 млн. теңге несие алып, өз ісін дөңгелетіп отырған бұл шаруа алдағы уақытта мал басын көбейтіп, ата кәсіпті жаңғыртуды көздейді. Бір қызығы, 20-дан аса сауын сиыры бар Құлсерік Кемелхан  ірі қарадан шыққан сүтті ешқайда сатпайды, себебі, өз отбасынан артылмайды екен.

БАҚ өкілдерінің келесі бас сұққан шаруашылығы – «Aca DAMU» құс фабрикасы болды. 2014 жылдың наурыз айында құрылған фабрика қазір жобаның іске асыру мерзімінде. Жоба 2018 жылы толық қуатына енеді деп көзделуде. Ол уақытта шаруашылық 95 адамды жұмыспен қамтиды деп жаспарланған. Ал қазірше мұнда 20 адам жұмыс атқаруда.

Жамбыл ауданындағы жүзеге асырылып жатқан үлкен жобалардың аясын «КазУпакТрейд»  ЖШС атқаруда. "КазУпакТрейд" серіктестігі қазіргі таңда Қырғызстан, Өзбекстан сынды шекаралас мемлекеттерге гипс және гипсокартон экспроттауда.  2016 жылдың соңғы айларында пайдалануға берілген жоба қазірдің өзінде тәулігіне 450-500 тонна көлемінде өнім беруде.  Қазір бұл нысанда 55 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бұлардан өзге Жамбыл ауданында «Бірлік» және «Тимофеев А.Н.» шару қожалықтары өз істерін өрге дөңгелетіп отыр. Елді мекендегі жұмыссыздарды маусымдық  жұмыспен қамту арқылы мемлекетке де орасан зор пайда әкелуде.

Тағы бір ерекше атап өтетін жағдай – Жамбыл ауданына қарасты Жалпақтөбе ауылында су құбырын қайта жаңғырту жұмыс жобасы қарқынды жүргізілуде.  Жалпы сметалық құны  2 млрд. аса теңгеге бағаланған бұл су құбыры  104 шақырымға  созылған. Ауыл тұрғындарының су мәселесін шешуге бағытталған  жоба қазір халық игілігіне жарап тұр.


 

 

Дереккөз: «ZhambylNews» ақпарат агенттігі  

Пікір: 0
Пікір қосу