ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Жамбылда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Киелі Әулиеата өңірінде кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде.  Әсіресе, елдің еншісіне бұйыратын шағын және орта кәсіп­керліктің керегесі  күн санап кеңейіп, табыс мөлшері де артуда. Бұл тураы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2017 жылғы 1 сәуіріне шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны облыста 60,2 мың бірлікті құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға ұлғайған. Бұл туралы аймақ басшысының  төрағалығымен өткен алқалы жиында облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысы Жомарт Әмірханов баяндады. 

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша,  есепті кезеңде  мемлекеттік бюджетке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен 5,6 млрд. теңге түсімдер түсіпті.  Бұл бюджетке түскен барлық түсімдердің 32,9 пайызын құрайды. 

2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд. теңге бюджет қаражаты қарастырылып, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне 800,5 млн. теңге  игерілді. Ал, биылғы жылдың  қаңтар-наурызында кредит қоржыны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 50 жобаға қолдау көрсетілді.

Жалпы,  аталмыш бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері аймақта  жалпы сомасы 81,0 млрд. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 816 жобасына қаржылық қолдау көрсетілді.

Пікір: 0
Пікір қосу