ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараздан Қарағандыға «Қайырымдылық керуені» жол тартты

Тараздан Қарағандыға «Қайырымдылық керуені» жол тартты

    Бүгін Жамбыл облысындағы орталық «Һибатулла Тарази»  мешітінде су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек беру мақсатында ұйымдастырылған «Қайырымдылық керуені» атты акция өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлады.

Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасы биылғы көктемде  су тасқыны салдарынан қиындыққа ұшыраған отбасыларға гуманитарлық көмек жіберу мақсатында «Қайырымдылық керуені» акциясын  әр облысқа ұйымдастыруды міндеттеген болатын.  Осы бастама аясында  Жамбыл облысының барлық мешіттері бірігіп Қарағанды облысындағы  Қарқаралы жеріне үлкен жүк көлігімен 20 тонна азық-түлік тиеп бүгін жөнелтті.

 

 

Күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікті (ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, көкөністер, сұйық май қатарлы бұзылмайтын өнімдер)  жөнелткен қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға облысқа қарасты аудандық, қалалық, ауылдық мешіт қызметкерлері сондай-ақ қолы ашық жомарт жандар ат салысты.

Облыстық мешіт имамы Данияр Жұмабаев акция турасында:

Айтып келмейтін табиғат апатынан зардап шегіп,  қиындыққа кез болған ағайындарымызды  қолдап, көп болып көтеріп, демеу көрсету мұсылмандық міндетіміз әрі қазақы салтымыз. Осы акция барысында қайырымды жандар мен мешіт имамдары азық-түліктерді межесінен асырып орындады. Осы ісіміздің Алла қайырын берсін.

 

 

Азық-түлік тиелген жүк көлігі жүрместен бұрын орталық мешіттің ақсақалы Әбдіғаппар Алтай қария бата беріп, зардап шеккен жандарға Алла сабыр беруін, қайырымды жандардың жасаған ісінің берекесін беруін тіледі.

 

Дереккөз:  «ZhambylNews» ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу