ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ішкі істер департаментінде ҰОС және ІІО ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ІІД басшылығының, қызмет барысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген ішкі істер органдары қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің   қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы Жамбыл обылысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

  Іс-шара ІІД бастығы полиция генерал-майоры Т.Маткеновтің, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы  запастағы полиция полковнигі Ө.Смаиловтың, ІІО ардагарлерінің Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғ. Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

 ІІД бастығы полиция генерал-майоры Т.Маткенов пен  ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Ө.Смаилов ардагерлер мен ІІД жеке құрамын мерекемен құттықтады.

- ҰОС жылдары Жамбыл облысында 400 мыңнан астам адам тұрды. Соғыс майданына 120 мыңнан астам аймақ тұрғыны аттанды. Біз тарихта аты қалған, жамбылдық батырлар Бауыржан Момышұлы, Ағаділ Сухамбаев, Саду Шакиров, Александр Петров және басқа да  жерлестерімізді мақтан тұтамыз.

Майданға кеткендердің жартысы өз отбасыларына оралмай, мәңгілік соғыс майданында көз жұмды. Отан үшін қаза болған батырлардың даңқы арта берсін!- деді өз сөзінде Тілеген Маткенов.

 Салтанатты іс-шара барысында ІІД үздік қызметкерлері марапатталып, жас полиция қызметкерлерінің ант беру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараның екінші бөлімі Жамбыл облысы ІІД акт залында жалғасын тапты. ІІД қызметкерлері хорының орындауында жеңіс жырлары шырқалып, ІІО қызметкерлері туралы слайдтар көрсетілді.  

 Салтанатты іс-шара белгілі қазақстандық «Motor-Roller» тобының өнер көрсетуімен аяқталды.

 Анықтама: Бұл топтың іс-шараға шақырылуы кездейсоқ емес. Оның негізін қалаушы және жетекшісі - тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде және басқа да бұрын Кеңес Одағы құрамында болған елдерде танымал Ильяс Аутов .

 Топ жетекшісі Волоколамск тас жолында неміс дивизиясымен болған шайқаста ерлік көрсеткен  28 панфиловшы батырлар туралы әннің тұсауын кесті. Motor-Roller-дің   жаңа әнінің әлі аты жоқ, бұл ән режиссер Елена Ковардакованың  Москваны қорғаған 8-гвардиялық Панфилов дивизиясының ерлігіне 75 жыл толуына  орай түсірілген "Герои великой державы" деректі фильмдер циклы тұсаукесерінде орындалды.Оның барысында Ауған соғысы ардагерлері  Үйлестіру кеңесінің төрағасы  Мурат Абдушукуров Ильяс Аутовқа және  Motor-Roller тобының мүшелеріне  генерал Иван Панфиловтың 120 жасқа толуына байланысты Москва облысының ҰОС ардагерлер кеңесінің тағайындаған медалін тапсырды.

Пікір: 0
Пікір қосу