ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласында Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Тараз қаласында Отан қорғаушылар күні аталып өтті

 

    Тараз қаласының қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 25 жылдығына және Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын болды. Бұл туралы  «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлады.

Аталмыш шарада Отан қорғаушыларды құттықтау үшін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев сөз сөйледі.

- Құрметті Отан қорғаушылар, баршаңызды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 25 жыл толуымен және мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

 

«Отан үшін отқа түс күймейсің» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай біздің облысымыздың Отан қорғаушылары өз батырлықтарын іс жүзінде дәлелдеуде. Оған көптеген дәлелдер келтіруге болады. Сарбаздарға облыс жұртшылығы атынан алғыс білдіремін!- деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ салатанатты жиында облыс әкімі көп жылғы жемісті еңбегімен көзге түскен әскери қызметкерлер С.Әшімтаев, О.Голубенко, М.Жүсіпов, А.Ниязов, Ш. Дәулетқұлов құрмет грамотасымен, ал  Б. Әшімов пен В.Мирошниченконы облыс әкімінің алғыс хатымен мараппаттады.

Мерекелік іс-шараның соңы Отан қорғаушыларға арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Дереккөз:  «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу