ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласында Отан қорғаушылар күніне орай әскери мерекелік шеру өтті(ФОТО)

Тараз қаласында Отан қорғаушылар күніне орай әскери мерекелік шеру өтті(ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай Тараз қаласында әскери мерекелік шеру өтті. Бұл туралы "ZhambylNews" ақпараттық агенттігі хабарлайды.

    Әскери шеру Тараз қаласы бойынша екі бағытта жүріп өтті. Алғашқы  топ Тұңғыш Президент саябағынан бастау алып, Төле би және Абай көшелері арқылы жүріп өтсе, келесі топ "Мәңгілік алау" мемориалынан шығып орталық Тұрар Рысқұлов атындағы саябаққа табан тіреді. Көше бойынан жүріп өткен әскери мерекелік бұл шеру қала жұртшылығына, сондай-ақ, атаулы күнде атқарылып жатқан іс-шаралар легіне ерекше серпін сыйлаған іспетті.

Айта кетейік, дәл қазір Тараз қаласының Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябағында Астана қаласында өтіп жатқан әскери шеруден тікелей көрсетілім жүргізілуде.

 

Дереккөз: "ZhambylNews" ақпараттық агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу