ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласында "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Тараз қаласында "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды

   Бүгін Тараз қаласының әкімдігінің мәжіліс залында қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлады.

 

Биылғы жылы аталған жобаға қатысуға Тараз қаласы бойынша түрлі салаларда жетістікке жеткен 10 өнегелі отбасы құжаттарын тапсырып, конкурстық комиссияның шешімімен 5 отбасы облыстық конкурсқа жолдама алды. Қала әкімінің орынбасары Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы қатысушы 5 отбасыны қала әкімінің атынан марапаттап, сыйлықтар тарту етті. Олар, Тәжбеновтер екінші буын дәрігерлер отбасы, Ақсақаловтар екінші буын өрт сөндіру саласындағы отбасы, Қонақовтар еңбеккерлер отбасы, Юсуповтар үшінші буын дәрігерлер отбасы және Ізбасаровтар өнерлі отбасылары.

 

Әкім орынбасары қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да биіктен көрінетіндеріне сенім білдірді.

 

«Мерейлі отбасы» болуға ниетті Тәжбеновтер отбасының отағасы: «Отбасы мықты болса, Отанымыз да мықты болады! Осындай көңіл қуантарлық іс-шаралар мен байқаулар көбейсін. Өз жанұямның  атынан барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін» деді.

 

«ZhambylNews» ақпараттық агенттігі

Ақбота Қажымұқан

Пікір: 0
Пікір қосу