ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Таразда облыстық құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысы өтті

Таразда облыстық құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысы өтті

 Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс прокуроры  М.Сыбанқұловтың төрағалығымен «Кәмлетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың тиімділігі және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» облыстық құқық қорғау және мемлекеттік органдарының кеңейтілген ведомствоаралық мәжілісі өтті. Бұл туралы  «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлады.

 

Мемлекет органдарының кеңейтілген мәжілісінде Жамбыл облысы прокурорының орынбасары А.Майлыбаев, Жамбыл облысында ІІД ЖПҚ бастығы Б.Бейсеев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы С.Құрманбекова, Тараз қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы Ғ.Рысбаева, Жамбыл облысының үкіметтік емес ұйымдар Ассоциациясының төрайымы А.Заурбекова баяндама оқыды.

 

Сондай-ақ мәжіліс соңында облыс прокуратурасы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстар туралы үздік шығарма және эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

 

 

Дереккөз: «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі

Ақбота Қажымұқан

Пікір: 0
Пікір қосу