ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 19 жоба жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 19 жоба жүзеге асырылуда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Бейсембайұлы БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.

 Б.Көпбосыновтың мәліметінше, білім саласында жалпы сметалық құны 488 035,0 мың теңгені құрайтын Қызыларық ауылындағы 150 оқушыға  арналған орта мектептің құрлысына ағымдағы жылдың қаңтар айында «Даража» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып, 422 652,3 мың теңгеге келісім шарт жасалынды.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2017 жылдың мамыр айына дейін жалпы алаңы 3602 м2-ді құрайтын тұрғын үй аула құрылыстарымен бірге қабылданып, 2016 жылмен салыстырғанда   105,9% пайызға орындалып отыр.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 60,0 млн. теңге болып (57,1), 2016 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 101,0 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1088,0 млн. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  1,7 есеге орындалды.

          Сонымен қатар, «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2017 жылға аудандық маңызы бар және ауыл ішілік автомобиль жолдарын орта, ағымды жөндеуден өткізуге және жолдарды күтіп-ұстауға,  аудандық бюджеттен 210 268,2 мың теңге қаржы қарастырылып, оған 12,09 шақырым ауыл аралық 5 автомобиль жолын және 2 шақырым темір бетонды көпірді орта  жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге конкурс тәсілдерімен  мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, жеңімпаздары анықталды. Жұмыстар жалғасуда.

            «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға  дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 46 301,1 мың теңгеге 19 жоба жүзеге асырылуда.

2016-2017 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 40 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1323 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 8 оқушыдан келеді.

Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны-39 мектеп (98%). 13 мектептің (30,9%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Аудан мектептерінде барлығы 74 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинетті-20, химия кабинетті-19, физика кабинеті-24. Аудан бойынша 32 лингофонды-мультимедиялық кабинет бар және 21 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған.

            Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Ауданда 28 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды (26 балабақша, 1 шағын орталық, 1 жекеменшік бала бақша), оларға 2145 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде қамтылған 1-6 жас аралығындағы бала саны-2145, ол 54,1 пайызды (2145/3967) құрайды, 3-6 жас аралығында-бала саны-1886, ол 90,3пайызды (1886/2087) құрайды, - деп хабарлады аудан әкімі Бахтияр Бейсембайұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу