ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Б.Көпбосынов: 2017 жылы қуаттылығы 50 MгB-ты құрайтын «Burnoe Solar-2» күн электр станциясының құрылысы» жобасы іске асырылады деп жоспарлануда

Б.Көпбосынов: 2017 жылы қуаттылығы 50 MгB-ты құрайтын «Burnoe Solar-2» күн электр станциясының құрылысы» жобасы іске асырылады деп жоспарлануда

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жолдау жүктеген міндеттер» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Бейсембайұлы қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.

 

Бахтияр Бейсембайұлы сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың өнімі үшін 59 850 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу жоспарланған, оның ішінде, 21 200 га арпа, 200 га жаздық бидай, 300 га дәндік жүгері, 21 500 га майлы дақылдар, 2200 га. картоп, 610 га көкөніс және 40 га сүрлемдік жүгері және 1800 га таза көп жылдық шөп.

          Бүгінгі таңда, майлы дақылдарды өсірудің тиімділігі жан-жақты зерделеніп отыр. Ауданда Нұрлан Ортаев басқаратын  «Азық түлік нанмен жабдықтау» ЖШС-гі көп жылдан бері мақсары майын өндірумен айланысуда. Шығарған өнімдерін шетелдерге экспортқа шығарып отырған аудандағы бірден бір серіктестік. Тәжірбиесі мол зауыт бүгінде мол шикізатқа сұраныс білдіріп, майлы дақылдар егістігіне қажетті шығындарға 200 млн. теңге қаржы бөліп, шаруашылықтармен меморандуам жасап, келісім шарттарға отыруда.

          Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Жуалы ауданына бір литрі 120 тенгеден барлығы 2020 тонна дизель отыны бөлінген. Бүгінгі күнге 230 тонна жанар-жағар май таратылып, ұсыныс берген шаруашылықтар қамтамасыз етілуде. 

2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 781 тіркелген тракторлардың дайыны 746 трактор, бұл 95 пайызды құрайды.

            Есепті мерзімде 3,2 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 100%, сүт – 9,42 мың тонна немесе 100,3%, жұмыртқа 1070,2 мың дана немесе 100,1% құрады.  

            2017 жылдың 1 сәуіріне ауданда 46,11 мың бас МІҚ, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,1%-ға, 249,3 мың бас қой мен ешкі немесе 100,2%, жылқы – 9,7 мың бас немесе 102,0%, шошқа – 822 бас немесе 102,4%, құс – 94,0 мың бас немесе 100% орындалды, - деп мәлімдеді Б.Көпбосынов.

Пікір: 0
Пікір қосу