ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жуалылықтарға Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында 48 жиын өтті

Жуалылықтарға Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында 48 жиын өтті

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы хабарлады.

Бахтияр Бейсембайұлының айтуынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы заманның даму көшіне ілескен мемлекетіміз үшін тағы бір белестен асуы, озат 30 елдің қатарына қосылуы.

            Ауданға мемлекеттік қызмет көрсету барысында біздің басты мақсат-елімізді дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар мен Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жұмыла жүзеге асыру.

            2017 жылдың қантар-сәуір айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму негізгі көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында, аудан әкімінің қаулысымен ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері бекітіліп, аудан елді мекендеріне шығу кестесі бекітілген.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес аудандық ақпараттық түсіндіру топ мүшелері аудан елді мекендеріне тұрақты шығуда.

2017 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін аудандық ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен 48 жиын өткізіліп, 3000-нан астам адам қамтылған.

Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған көрнекіліктер қатарына аудан орталығына 6 х 3 көлемді 6 дана, ауылдық округтерге 3 х 2 көлемді көрнекіліктен 13 дана баннер орналастырылған.

2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Қазақстан халқына арнаған мақаласын аудан халқына түсіндіру мақсатында іс шара жоспары бекітіліп, мақаланы түсіндіруге арналған жұмысшы топ мүшелері бекітілген.

Аудандық жұмысшы топтың қатысуымен, ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен 14 елді мекенде 14 жиын өткізіліп, 900 – ге жуық адам қамтылған.

Жалпы осы бағытта 18 дөңгелек үстел, 72 ұжымдық талқылау өтті, 1000 нан аса адам қамтылды,- деп мәлімдеді аудан әкімі өз баяндамасында.

Пікір: 0
Пікір қосу