ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр

Қарағанды облысында ел тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов өткен жылдың аграрлық сектор үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

 Республика бойынша өндіріс көлемінде ең жоғары үлестік салмақ Алматы облысында 16%-ды, Оңтүстік Қазақстан облысында 12%-ды құрап, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында 11%-дан асты. Тамақ өнімдерін өндіру көлемінің өсімі 4%-ға жуықтап, 1,3 трлн. теңгеге жетті. Айта кетерлігі, ең жоғары өсім Жамбыл облысында орын алып, 40%-дан асты. Бұдан басқа, Қостанай облысында 21%-дан жоғары болып, Ақмола облысында 10%-ға жуықтады, Қызылорда облысында 7%-дан асты. Сонымен бірге, бірқатар облыстарда тамақ өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуіне жол берілді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында 13,5%-ға, Батыс Қазақстан облысында 4%-ға, Атырау облысында 3%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 1%-ға төмендеді.

Пікір: 0
Пікір қосу