ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылдық оқушы Күн сәулесінен жүретін кеме ойлап тапты

Жамбылдық оқушы Күн сәулесінен жүретін кеме ойлап тапты

 Жамбыл облысында ауыл мектебінің оқушысы күн сәулесімен жүретін кеме ойлап тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

 

Жеткіншектің туындысы әзірге макет күйінде. Оқушы жобасын ЭКСПО-2017 көрмесіне арнаған. Жақында ғылыми жұмысын аудандық және облыстық деңгейдегі байқауларда қорғап, жүлделі орынға ие болды. Қазір жас өнертапқыш оны жетілдіріп, дамытып жатыр. Қуаныш Мұсабек Жарлысу ауылындағы мектеп-интернатта оқиды. Ата-анасы малшы. Қарапайым қойшылар отбасынан шыққан бала мына кемені ойлап тапқан. Қуаныш Мұсабек, оқушы: - Әртүрлі ғылыми жобаларды қарап отырдық. Сол журналдардан бірінші самолет және катер туралы қарадық. Самолеттің құрылысы сәл күрделі болғандықтан, катер жасау туралы шешім қабылдадық. Басында электр тоқ көзінен жүретін етіп жасадық. Ол электр тоқ көзі бітіп қалатын болғандықтан + қарапайым ілме шамның басындағы күн көзімен заряд алатын тақтайшаны орнаттық. Жас өнертапқышты халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы қызықтырады. Жобаны екі жыл бұрын қолға алып, ғылыми әдебиеттерден физикалық заңдылықтарды зерттей бастаған.  Бірнеше рет өзінше тәжірибе де жасап көрген. Микрожүйелерді құрастыра отырып, кемесін қозғалысқа келтіруге болатынына көзі жеткен соң, жетекшісіне ұсыныс білдіріпті. Камила Садықова, физика пәнінің мұғалімі: - Кәдімгі біз жылу мөлшері деп аталатын физикалық формуланы пайдаландық. Бұл жерде мұғалім тарапынан кішкене көмек болды. Бірақ жалпы оқушының оң жұмысы деп айтуға болады. Қуаныш өте зерек бала екенін барлығына өз ойын қосып отырды. Бір қарағанда қарапайым ойыншық кеме көрінгенімен қозғалту жүйесі күрделі. Қуаныш жобасын одан әрі дамытсам дейді. Келешекте кеме шығаратын зауытта жұмыс істеп, білікті инженер болуды армандайды. Микросхеманы кәдімгі радиобасқарғышты машинасына жалғадым. Бұл микросхемадан келген тоқтар мына екі моторчик яғни дөңгелектерді айналдырып отырады және 220 вольттық тоқтан келетін электр тоғы бірден бұған жалғайтын болса бұл микросхеманы күйдіріп жібереді. Сол үшін блокпитания жалғадым. Бұл блокпитания 220 вольтты төртке бөліп, 5 вольтқа бөліп отырады. Жасөспірім физика мен математика пәндеріне ерекше жақын. Әсіресе физикалық заңдылықтарға қатты қызығады. Ол желтоқсан айында өтетін тағы бір байқауға қатыспақ. Қазір кемесін жетілдіру жағын ойластырып жатыр.  Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә



Пікір: 0
Пікір қосу