ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында «Егінжай - 2017» семинар – кеңесі өтті

Жамбыл облысында «Егінжай - 2017» семинар – кеңесі өтті

 

Жамбыл облысы Меркі ауданында  «Егінжай күні - 2017» семинар – кеңесі өтті. Кеңестің негізгі тақырыбы негізгі тақырыбы мен идеологиясы саладағы басым бағыттағы дақылдарға сәйкес әртараптандыруды жалғастыруды және олардың өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау арқылы тәжірибе алмасу.

 Сондай ақ, семинар кеңесі барысында қант қызылшасы, жеміс-жидек және басқа бақша дақылдарын өсірудің тың тәсілдері таныстырылды.

Семинарға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, аудан әкімдері мен орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, шаруашылық жетекішілері және республикадағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысып, салада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жалпы биылғы жылы облыста пайдаланылмай жатқан алқаптарды айналымға енгізу арқылы егістік көлемі - 623,0 мың гектарға жетіп, 29,8 мың гектарға артты. Нәтижесінде соңғы үш жылда пайдаланусыз жатқан жер көлемі - 26,9 мың гектарға қысқарды.

Сонымен қатар, биылғы жылы жаздық арпаның егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,0 мың гектарға азайып, басым дақылдар болып саналатын қант қызылшасы, майлы дақылдар, дәндік жүгері, көкөніс, бақша алқаптарының көлемдері көбейтілді.

Облыста 2015 жылы алғаш рет отырғызылған үдемелі алма бақтардың аумағы өткен жылы 112 га ұлғайып, 235 га жетсе, биылғы жылы қосымша 90 га алма бағы отырғызылып, жалпы көлемі 325 га құрады. Осыған байланысты семинар барысында алма өсірудің технологиялық картасы және алма сақтайтын 300 тонналық мұздатқыш қойма таныстырылды.

Одан бөлек, өңірде биылғы жылы қант қызылшасы 9,0 мың гектарға егілсе, оған қажетті тұқым сатып алуға облыстық бюджеттен 220 млн. теңге бөлінген болатын. Өнімді жинау науқаны кезінде қант зауыттарына 155 мың тонна тәтті түбір өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, өткен жылы су үнемдеу технологиясы 11 973 гектарға енгізілсе, ағымдағы жылы  оның көлемі 15 015  гектарға жеткізілді.

Жалпы егіншілікте озық технологияларды қант қызылшасына енгізу қолға алынуда және осы арқылы мол өнім алуға болатынына көз жеткізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар семинар кезінде көпшілікке көрсетілді. Мысалы, биылғы жылы 1 555 гектар қант қызылшасына тамшылатып суару технологиясы енгізілсе, 1 325 гектарға жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді.

Облыста жүйелі жолға қойылып келе жатқан бір сала – тұқым шаруашылығы. Семинар барысында бұл салада атқырылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Бүгінгі күні аймақта 6 элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істесе, оның 3-і  («Жеміс-жидек» ЖШС, «Гүлдер» шқ, «Жасыл белес» шқ) жеміс-жидектің элиталық көшеттерін, қалған 3 шаруашылық («Сыпатай Батыр» ЖШС, «ҚазЕӨҒЗИ» ЖШС ЖФ», «ЛКЗ» ЖШС)  масақты және майлы дақылдардың тұқымдарын өндірумен айналысады. Соңғы үш элиталық тұқым шаруашылықтардың І-ІІІ репродукциялық тұқым өндіруші мәртебесі бар болса, бұлардан бөлек, «Шалқар» ШҚ тұқым шаруашылығы ретінде жұмыс жасауда.

Соңғы жылдары мемлекеттік қолдаулар арқасында мал шаруашылығы қарқындап дамып келеді. Енді олардың өнімділігін артыру үшін сапалы мал азығы базасын жасау керек. Сондықтан "Меркі ет комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі семинар осы мәселеге арналды.

Жалпы жыл басынан бері облыстағы мүйізді ірі қара саны - 4,4% артса, қой саны - 2,1%, жылқы басы – 5,2%, ет өндірісі – 6,8 және сүт өндіру - 2,8 пайызға артты. Айта кету керек, биылғы жылы мүйізді ірі қараның аналық басы (сиыр) – 9,9% артып отыр. Демек, бұл көрсеткіш алдағы уақытта мал басы санының артуына өз септігін тигізері анық.

Қазіргі кезде облысымызда 20 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған 26 бордақылау алаңы жұмыс жасауда. Өткен жылы бұл алаңдар 451,3 тонна сиыр етін экспортқа шығарды. Ал, ағымдағы жылы сиыр етін экспорттау көлемін 500 тоннаға жеткізу міндеті белгіленген болса, бүгінгі күнде таза және қайта өңделген түрде 16,5 тонна сиыр еті және 45,2 тонна қой еті экспортталды.

Мал шаруашылығында ет экспортының көлемін арттыру кезек күттірмейтін шаруа. Облыста осы мәселені кешенді түрде жоспарлап, жүзеге асырып жатқан «Меркі ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі болса, одан бөлек, облыста 2 ірі ет комбинаты өз жұмыстарын бастады. Оның бірі Жамбыл ауданындағы жылына 1 757 тонна ет өндіретін «Оңтүстік халал тағамдары» серіктестігі болса, екіншісі Қордай ауданындағы жылына 732 тонна ет өндіретін «Первомайские деликатесы» серіктестігі.

Дала күні соңында, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аудан әкімдеріне және тиісті басқарма басшыларына ауыл шаруашылығында инновациялық технологияларды кеңінен енгізуге тапсырма берді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір: 0
Пікір қосу