ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында ірі көлемде қант қызылшасын өндіруде

Жамбыл облысында ірі көлемде қант қызылшасын өндіруде

Меркі ауданындағы «Трансфер» шаруа қожалығы қазір көптің аузында. Бұл олардың өткен жылғы рекордтық көлемде өнім өнідіргендерінің нәтижесі. Биыл шаруашылық өткен жылғы жетістікті қайталап қана қоймай, ол рекордты жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 «Егінжай-2017» семинар-кеңесі бағдарламасының аясында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Меркі ауданындағы қызылша өсірілетін алқапта болды.

Мұндағы халықтың көпшілігі өнім өсіріп шығарумен  айналысады. Олардың ішіндегі ірілері "SMART AGRO KARKARA" ЖШС-і, сондай-ақ «Сыпатай батыр» және «Трансфер» сынды шаруа қожалықтары.

Өткен жылы «Трансфер» ШҚ-ы гектарына 800 центрнерге дейін қант қызылшасын алған. Биыл бірнеше жерлесімен бірігіп іс бастаған шаруа қожалық басшысы В. Бондаренко егінді 200 гектар жерге отырғызған. Қант қызылшасы тек ылғалды сақтап тұратын технологиямен суарылады.

- Биыл біз қызылшаның жаңа сұрпын пайдаланудамыз. Оның салмағы қазірдің өзінде 4,5 келіге дейін  жетуде. Агротехникалық норманы сақтасаңыз – өнімнің көлемі гектарына 1000 центнерге дейін болады. Оның бойында қант мөлшері де көп, - деп атап өтті шаруашылық басшысы Вадимир Бондаренко.

Шаруашылық иелігінде екі Stoll комбайны және 12 қатарлы жаңа Franz Kliene тұқым сепкіші бар, ол диқандардың жұмысын едәуір жеңілдетеді.

- Күніне 20-25 гектар қызылша жинайытын жаңа үлкен германиялық комбайн алғымыз келеді, - дейді Владимир Бондаренко.

Сондай-ақ фермер мемлекеттік қолдау нәтижесеінде шаруаларға барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Сондықтан шаруа қожалықтар үшін қант қызылшасын өндіру тиімді болып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы 5 мың гектар жерге қызылша еккен жамбылдықтар нәтижесінде 104 мың тонна өнім өндірген. Ал биыл қант қызылшасын 9 мың гектар жерге сепкен.

Пікір: 0
Пікір қосу