ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жуалылық ардагерлер "ЭКСПО-2017" көрмесіне аттанды

Жуалылық ардагерлер "ЭКСПО-2017" көрмесіне аттанды

    Бүгін бір топ ардагерлер Астана қаласына ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды. Жалпы 65 адамнан тұратын делегация құрамына аудан ардагерлері, Cемей – Чернобыль, Ауған соғысы ардагерлері, этно-мәдени орталықтар төрағалары, үкіметтік емес ұйым басшылары енгізілді. Ардагерлерге аудан әкімі Б. Көпбосынов сәт сапар тілеп, ерекше шабытпен оралуға ниеттестік білдірді. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ж. Мұратай аудан әкімі Б. Көпбосыновқа әлем көз тіккен ЭКСПО көрмесін тамашалауға мүмкіндік бергені үшін алғысын жеткізіп, бұл сапардың қариялардың өмірінде ерекше сәт болып қалатынын баса айтты. «Арамызда Астананы бір рет те көрмеген қариялар бар. Ал мынадай халықаралық шара өтіп жатқан сәтте Астанаға сапарға шығуымыз, расында, жүрекке қуаныш ұялатады. Осы сапарымыздан көрген-білгенімізді жастарға жеткізіп, елжандылық тәрбие беруге пайдаланатынымыз сөзсіз»,- деді ардагерлер кеңесінің төрағасы толқыныспен.         Сондай-ақ, аудан ардагерлері Астанаға сапары барысында 26-30 шілде аралығында Жамбыл облысы күндері аясдагында өтетін шараларға да қатысады.

Пікір: 0
Пікір қосу