ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » «6 шілде – Астана күні» мерекесіне орай «Ән-жырым саған, Астана!» атты фестиваль өтті

«6 шілде – Астана күні» мерекесіне орай «Ән-жырым саған, Астана!» атты фестиваль өтті

Тараз қаласында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру, 6 шілде – Астана күні мерекесін жастар арасында кеңінен атап өтіп, шығармашылықты дамытып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» қалалық мәдениет үйімен бірлесіп «Ән-жырым саған, Астана!» атты фестиваль өткізді.

 

Шара фестиваль ережесіне сәйкес 3 (үш) кезең бойынша өткізілді.

2017 жылдың 3 шілде күні сағат 11.00-де аула «Балауса» аула клубында «Астана – балалар көзімен!» атты сурет байқауы өтті.

Байқауға «Ботақан», «Арай», «Балауса», «Жас балғын» аула клубтарының жасөспірімдері, аула клуб жетекшілері, барлығы 30-ға жуық қатысты.

Сурет байқауында І орынды «Жас балғын» аула клубынан Ә.Шыңғысұлы, ІІ орынды «Балауса» аула клубынан А.Малик, ІІІ орынды «Арай» аула клубынан Қ.Оңалбек иеленді.

2017 жылдың 4 шілде күні сағат 15.00-де қалалық мәдениет үйінде би топтары арасындағы байқау өтті.

Байқауға қоюшы режиссер, хореограф, актриса – Ш.Айтибаева, хореограф, «Ақ кербез» би ансамблінің жетекшісі – А.Қонарбаева, қалалық мәдениет үйінің директоры – Л.Қазанбасов, «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Ғ.Исатай, медицина және білім саласының қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің және мәдениет үйінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

Би топтары арасындағы байқауында І орынды - «Баян Сұлу» тобы, ІІ орынды - «Ақ тілек» тобы, ІІІ - орынды «Шынар» би тобы, алғыс хатпен заманауи «Динамика» тобы иеленді.

2017 жылдың 5 шілде күні сағат 15.00-де қалалық мәдениет үйінде патриоттық әндер байқауы өтті.

Шараға «Жаңабаевтар» халықтық ансамблінің жетекшісі, әнші, продюсер Н.Жаңабаев, қалалық мәдениет үйінің директоры – Л.Қазанбасов, «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Ғ.Исатай, жас ақын, журналист, қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті директорының орынбасары – Ш. Сейдуалиев, 77 ТВ телеарнасының журналист-редакторы, ҚР Полициясының 25 жылдығына арналған журналисттер арасындағы байқауда ІІ орын жүлдегері - Р.Күзбергенов, медицина және білім саласының қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің және мәдениет үйінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

Патриоттық әндер байқауында бас жүлдені – С.Шахаева, І орынды - Ж.Кәрім, ІІ орынды - С.Бегалы, ІІІ орынды - Д.Базарбаев пен С.Төребекова иеленді. Сонымен қатар арнайы «Үздік топ» номинациясымен «Мәдениет жігіттері», «Көрермен көзайымы» номинациясымен А.Асқар иеленді.

2017 жылдың 6 шілде күні сағат 12.00-де «Ән-жырым саған, Астана!» атты фестивальдің гала концерті Т.Рысқұлов атындағы орталық саябағының концерттік залында өтті.

Шараға қала әкімінің орынбасары К.Олжабай, қала әкімінің аппарат басшысы Ж.Өмірзақов, қала әкімінің кеңесшісі Ж.Сембекова, қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тоқсанбаева, қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сламбекова, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, медицина және білім саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 600-ге жуық адам қатысты.

Марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары К.Олжабай жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, жеңімпаздарды диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Шара барысында «Аспара» колледжінің ару қыздарының арнайы сән киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Пікір: 0
Пікір қосу