ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Бақыт Алпысбайұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды

Бақыт Алпысбайұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «4» тамыздағы №324 -ө өкімімен Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы Жамбыл ауданыны әкімі болып тағайындалды. 

  

Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы туылған, білімі жоғары, 1996  жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-технолог» мамандығы, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Тараз қаласындағы  №2 астық комбинатының слесарі болып бастаған.

1983-2001 жылдары Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында үгітуші, ұнтақтаушы, цех бастығы, бөлімше меңгеруші, қосалқы шаруашылық меңгеруші, 2001-2003 жылдары «Ақ бидай» АҚ директоры, 2003-2008 жылдары «Зар-Замин» ЖШС-нің қосалқы шаруашылық меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бастап Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Пікір: 0
Пікір қосу