ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Т.Рысқұлов ауданына қарасты Абай округінде ауыл шаруашылық саласы дамып келеді

Т.Рысқұлов ауданына қарасты Абай округінде ауыл шаруашылық саласы дамып келеді

Т.Рысқұлов ауданындағы Абай округінде "Сүйін" атты шаруа қожалығы орналасқан. Шаруа қожалығының басшысы Сүйінкул Барменқұлова "Алтын асық" мемлекеттік ұсақ және ірі қара мал бордақылауға арналған бағдарлама бойынша несие алып кәсібін жүргізіп келеді, - дейді «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

 

Қазір мұнда 70-ке жуық қазақы тұқымды жылқы, 40 сиыр, 100 қой бағымда бар. Сондай-ақ өзіндік мал азығын сақтайтын қоймасы бар. Шаруашылықта негізінен 10 адам еңбек етуде, олар жануарларды күтумен және  үнемі мал дәрігеріне көрсетіп тұрумен айналысады.  Бұл жерден шыққан ет өнімдері Астана, Алматы, Тараз және Құлан ауданының ауылдарына жіберіледі. 

 

Сондай-ақ шаруа қожалығына жақын маңда жас мамандарды оқытатын Құлан ауыл шаруашылық колледжі орналасқан. Оқу орнындағы әрбір студентке оқытушылардың көз-қарасы өте ерекше.

 

  • Мұнда жылыжай оңтүстік кореялық технология бойынша жасалған. Жылыжайда қияр, қызанақ және басқа да көкөністер өсіріледі. Мұнда студенттер технологиялық практикадан өтеді және диплом алдындағы тәжірибесін алады, кәсіби дағдыланады, - дейді колледж оқытушысы Ибраева Шолпан.

Құлан колледжіне оқуға түсуге талапкерлер көп келеді. Оқытушылардың айтуы бойынша студенттер тапшылығы жоқ. Мұнда мал дәрігері, агроном, слесарь, электрик, тігінші салалары бойынша мамандар тағайындалып, оқытылады.

  • Бала күнімнен мал дәрігері болуды армандайтынмын, маған керек мамандық осы коледжде бар. Маған осы оқу орны ыңғайлы және ауылыма жақын. Мен мұнда ең алдымен емтихандарды жақсы тапсырып, оқуға түсу үшін келдім, - деді болашақ студен Анель Жаппасова.

Аталмыш оқу орнының 240 орындық жатақханасы да бар.

Пікір: 0
Пікір қосу